Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Шемонаиха мешіті қайырымдылық жасады (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 15.12.2017 3599 0 пікір
ШҚО: Шемонаиха мешіті қайырымдылық жасады (ФОТО)

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінен берілген тапсырмалар аясында Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха аудандық мешіті» қайырымдылық жасады.

Шара барысында «Шемонаиха колледжінің» балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан студенттерге қыстық киімдер табыс етілді. Сонымен қатар оларға дастархан жайылып, ғибратты әңгіме айтылды. Көмек алған жастар қуанып қалды.

«Біздің ұсынысымызды қолдаған оқу орны басшылығына алғыс айтамын. Біз осындай жетім балаларды қуанту үшін Мәуліт мерекесінің сыйы ретінде Тәуелсіздік күні қарсаңында осы шараны өткізіп отырмыз» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облысы «Шемонаиха аудандық мешітінің» бас имамы Ибрагим Еркінбайұлы.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру