Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстың Бас имамы марапатталды

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.12.2017 3345 0 пікір
Облыстың Бас имамы марапатталды

Еліміздегі ұлы мереке қарсаңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Бахытбек Нұрғабылұлын өңірге сіңірген адал еңбегі және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мейрамының құрметіне Құрмет грамотасымен марапаттады.

Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбеттің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы болып тағайындалғанына аса көп болмаса да жергілікті халықтың ерекше құрметіне бөленіп үлгерді.

Өзінің бойындағы асыл қасиеттерімен өңірдегі барша әріптестеріне үлгі-өнеге көрсетіп келеді. Оның адамгершілік, имандылыққа байланысты айтқан ұлағатты сөздерін үлкенді-кіші қауым әрдайым ұйып тыңдайды.

Бахытбек Нұрғабылұлы келгелі бері көптеген танымдық-тағылымдық жағы мол ғибратты кештерді жиі ұйымдастырып, барша жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болды.

Облыстағы өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт тілейміз.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру