Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайлық бауырлар донор болу күнін өткізді

ҚМДБ Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 14.12.2017 3310 0 пікір
Қостанайлық бауырлар донор болу күнін өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі қан тапсырып донор болу күнін өткізді. Бұл шара облыстық «Қан орталығы» мекемесі тарапынан қолдау тауып сауапты амалды бірігіп атқарды.

Аталмыш шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасы аясында быйыл 2 рет өткізіліп отыр. Оған облыстық мешіт жамағаты қалалар мен аудандардың имамдары, ерікті намазхан азаматтар тарапынан қолдау тауып донор болды.

Әрине донор болуға әр адам ниетті болғанымен оған арнайы дайындық арқылы болғандықтан алдын-ала хабарландыру айтылып, дайындық арқылы жүзеге асты.

Осылайша 28 адамның әр қайсысы 450 грамнан қан тапсырды. Өз кезегінде облыстық «Қан орталығы» ұжымы мұсылмандар тарапынан жасалған ұсыныстың әрдайым қолдау табылатынына ризашылығын білдірді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру