Кеше Бөрлі аудандық ішкі саясатының бастамасымен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру және дәстүрлі діни сана» атты облыстық форум болып өтті.
Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов, ҚР дін істері комитетінің мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының талдау жұмысы бөлімінің басшысы Тұрар Әбуов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов, Бөрлі ауданы әкімі орынбасары Еркебұлан Ықсанов, көрші елден келген арнайы қонағымыз Орынбор облысы мұсылмандардың рухани өңірлік басқармасы төрағасының орынбасары Нұр Мұсақаев, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов пен наиб имамы Қанат Жакенов, аудан имамдары қатысты.
Форумды аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Мейрамбек Сыдықов ашып жүргізіп отырды. Форум барысында Облыстық дін істері басқармасының басшысы Саялбек Махамбекұлы баяндама жасады. Сонымен қатар, облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан қажы Тыныштықұлы «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты тақырыпта баяндамасын оқыса, арнайы келген Орынбор облысы мұсылмандардың рухани өңірлік басқармасы төрағасының орынбасары Нұр Ғалимьянұлы аталмыш тақырып аясында ой-пікірімен бөлісті.
Жалпы, форум соңында арнайы қарары қабылданып, қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі.
14.12.2017
3018
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру