Мәуліт - сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әлемдерге рақым болып дүние есігін ашқан күні. Алла Расулының туылған күні - Рабиул Әууәл айының 12-жұлдызы.
Оның өзі дәл осы күні дүниеден өтіп кетсе де, барлық үмметі оның өнегеге толы өмірін еске алып, мәуліт оқып, сүннетін орындап, оған деген сүйіспеншілігін қайта жаңғыртып бір серпіліп қалатын күн.
Тек бір күн емес-ау, бұл Мәуліт айлап тойланады. Соның бірі ретінде Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты «Райымбек батыр» және «Фатима» мешіттерінің ұйымдастыруымен мәңгілік өнеге болған ғаламның рақым нұры, адамзаттың асыл тәжі, екі әлем сардары, пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтің Мәулітіне орай тағылымдық шара өтті.
Жүргізушілер «Фатима» мешітінің ұстазы Айгерім Есқожа мен «Райымбек батыр» мешітінің шәкірті Айман Жетеннің амандасу сөздерінен кейін шара барысы әдеттегідей аттап өтілуі мүмкін емес болған күллі әлемнің Раббысы Алла Тағаланың Кәләмі Құран Кәрім оқумен басталды.
«Райымбек батыр» мешітінің ұстазы Асқар Жұбанов пен наиб-имамы Бауыржан Оразымбетов Мәуліт оқып, мешіттің Бас имамы Тәттібаев Мәди Серікұлы Әз Елші жайлы жан тебірентер уағыз айтып, сөз соңында жамағатпен дұға жасады.
Одан соң кезегімен «Райымбек батыр» мешітінің ұстазы Шынар Әділованың ұйымдастыруымен бір ай бойы өткен салауат және әр түрлі тапсырмалар бойынша жарыстардан жеңімпаз атанған, Пайғамбарға арнап өлең шығарған шәкірттер мен жамағат марапатталды.
«Фатима» мен «Райымбек батыр» мешіттерінің бүлдіршін шәкірттері Пайғамбарға арналған өлеңдер оқып, сыйлықтарға ие болды.
Әсерлі видео көріністер көрсетіліп, студент қыздар тағылымдық қойылым қойды. Мешіт ұстазы Ұлжалғас Әбішова Пайғамбар өмір-тарихын жаңғырта түсетін викториналық сұрақтар қойып, сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, сыйлықтар табысталды.
Шара соңында қонақтарға арнап ақ дастархан жайылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muftyat.kz
14.12.2017
4073
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру