Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Қыздар арасында Облыстық Құран жарысы өтті (ФОТО)

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 12.12.2017 7100 0 пікір
Шымкент: Қыздар арасында Облыстық Құран жарысы өтті (ФОТО)

11 желтоқсан Шымкент қаласында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесінің құрметіне «Облыстық қыздар арасындағы Құран жарысы»  өтті.

Жарыс барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек қари қыздарымыздың ықылас-жігерлеріне ризашылдығын білдіре келе, жаңадан сайланған ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің құттықтау лебізін жеткізді.

Аталмыш Құран жарысына демеушілік жасаған  «UMMET» қоғамдық қорының президенті Мұхаммед-Амин Құрманәлі мырзаға алғысын білдірді.

Жарыс 10 пара, 5 пара, 3 пара және 30-шы пара бойынша жүрді. Дүбірлі додаға қатысқан Қари қыздардың көп болуына байланысты жарыс 2 күнге созылды. Жарыс қорытындысы бойынша 117 қари қызымыздың ішінен төмендегі қарилар жүлдегер атанды:

10 пара бойынша:

1 -орын Анарқұлова (Арыс қаласы).

2 -орын Хадиршаева Зинира (Мақтарал ауданы).

3- орын Бурханова Мариям (Сайрам ауданы).

5 пара бойынша:

1-орын Сұлтанова Назира (ОҚО орталық мешіті).

2 -орын Наврузова Озодамо (Мақатарал ауданы).

3- орын Музаффарова Зейнеп (Сайрам ауданы).

3 пара бойынша:

1- орын  Сейтқасым Жанель (Кентау қаласы).

2- орын  Сайдинабиева Амина (Сайрам ауданы).

3 -орын Огаликова Рахима (Сарыағаш ауданы).

 30-пара (медреселер арасында)

1- орын Тәжібаева Малика (Шымкент медресе колледжі).

2 -орын Пернеқұл Айжамал (Сарыағаш медресе колледжі).

3- орын Шораева Гүлдана (Сарыағаш медресе колледжі).

30-пара бойынша (мешіт жамағаты арасында)

1 -орын Толкунбекова Қарақат  (ОҚО орталық мешіті).

2- орын Сұлтанқұлова Динара (Сайрам ауданы).

3 -орын Рахметбаева Үммугулсім (Еңбек ауданы). Жеңімпаздар жеңістеріңіз құтты болсын!

Қасиетті Құран Кәрімді оқу мен жаттау туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.):«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған болса (Имам Бұхари), төмендегі хадисте Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген (ИмамТермизи).

IMG 3673

IMG 3681

IMG 3687

IMG 3689

IMG 3693

IMG 3711

IMG 3713

IMG 3721

IMG 3724

IMG 3731

IMG 3735

IMG 3740

IMG 3748

IMG 3758

IMG 3777

IMG 3781

IMG 3792

IMG 3795

IMG 3801

IMG 3804

IMG 3808

IMG 3831

IMG 3832

IMG 3835

IMG 3858

IMG 3859

IMG 3876

IMG 3880

IMG 3882

IMG 3888

IMG 3891

IMG 3902

IMG 3912

IMG 3914

IMG 3926

IMG 3932

IMG 3939

IMG 3941

IMG 3946

IMG 3949

IMG 3954

IMG 3961

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру