Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зеленов ауданында жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Нұрлан САМАТҰЛЫ 11.12.2017 3974 0 пікір
Зеленов ауданында жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Мәуліт мерекесінде Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданында жаңа мешіт ашылды.

Алдымен қасиетті Құран кәрімді Зеленов аудандық мешітінің бас имамы Әзілхан Қайратұлы оқыды.

«Біз бүгін айтулы уақиғаның куәсі болып отырмыз. Мәуліт айында жаңа мешіт ашылды. Бұл біздің өңірдің рухани өмірінің жаңа бетін бастайды. Мешіт – бірлік, татулық, руханият қайнары. Мешіттердің көбеюі қоғамның рухани дәрежесін көтереді. Жаңа мешіт еліміздегі бірлік пен келісімді сақтауға жастарды тәрбиелеуге өз үлесін қосатынына сенімдімін. Мәуліт айындағы қуаныштарыңыз құтты болсын, ағайын!» – деді облыстық мешітінің наиб имамы Марат Асанов.

Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаровта ақжарма тілегін айтып жеткізді. Құлшылық үйінің ашылу салтанатында облыстық орталық мешітінің наиб имамы Марат Рахметтоллаұлы мен ауданның ақсақалы Әнес Көжімов ғимараттың лентасын қиды. Қасиетті жұмада Зеленов ауданы, Дариян ауылдық ауылдық мешітінің бас имамы Азамат Абдрахманов «Жәннәт нығметтері» жайында уағыз айтса, Марат Асанов жұма намазын жүргізді. Мешіттің демеушісі, жеке кәсіпкер Мұрат Жәкібаев 250 адамға ақдастархан жайып, жиылған жамағат ақтілектерін жеткізіп, қуаныштар ұзағынан болғай, -деп дұға жасады.

Айта кетейік, Зеленов ауданының Асан ауылында да жаңа мешіттің құрылысы бітіп, құжаттары рәсімделуде.

Бұл шараға облыстық мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері, имам-молдалар, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, аудан мен ауылдың түрғындары, жеке кәсіпкерлер қатысты.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру