Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мәуліт мерекесіне орай Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Данияр Байдуллаев облыстық «Ертіс» телеарнасының «Руханият» бағдарламасы арқылы Алла Елшісінің (с.ғ.с) ғибраты мол ғұмыры, тәлімі мен тәрбиесі, Алла Тағала тарапынан келген уахиды адамзатқа жеткізу жолындағы қажырлылығы мен қайсарлығы, көркем мінезінің үлгі-өнегелерін мысал ете отырып «Мұсылман адамның өміріндегі көркем мінездің маңыздылығы» тақырыбында кең көлемде сұхбат берді.
Сұхбат барысында жалпы Ислам дінінің басты ұстанымы, мінез –құлықтың маңыздылығы, Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) мінезі қандай болған, мұсылман адамның мінезі жайлы, қазіргі жастар өміріндегі Ислам, дәстүрлі Ислам діні мен радикалды ағымның айырмашылығы, радикалды топтардан жастар қалай сақтануы тиіс, жастар қандай жолды ұстануы тиіс деген қатарлы көптеген сауалдарға да жауап берді.
Аталмыш сұхбат бейсенбі күні сағат 19.00-да және алдағы дүйсенбі күні қайталанып беріледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
08.12.2017
4468
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Айганым Ибраимова | 09.12.2017 02:07
Аллах разы болсын сиздерге. Польза для народа просто колоссальная. Мы не должны забывать про духовную составляющую нашей жизни