ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 3 айлық білім жетілдіру курсында білім алып жатқан 80-ге жуық шығыс қазақстандық имамдар Мәуліт мерекесін өткізді. Шараны имамдар және мешіт жамағаты тамашалады. Мәуліт кеші барысында Алла Елшісіне (с.ғ.с) Мәуліт айтылып, діни жырлар оқылып, тағылымды көріністер көрсетілді.
Соңынан, ақ дастархан басында бас қосып, имамдар арасында білім сайысы өтті. Мұнда имамдар сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
«Мәуліт мерекесі мешітте аса қызықты өтті. Шәкірттер Мәулітті барынша тағылымға толы кеш ретінде ұйымдастырыпты. Олардың осы мерекені қалай асыға күткендерін байқауға болады» деп атап өтті, Мәуліт шарасын тамашалаған мешіт жамағаты.
Шәкірттер кеш барысында өздеріне шараға бастамашы болып, осы курсты ұйымдастырған ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлына және 3 ай бойы білім берген ұстаздары мен қызмет көрсетіп келе жатқан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
07.12.2017
3826
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру