Қайырымдылық бағытындағы шараларды әртүрлі форматта жасау мақсатында Өскемен аймағы өкілдігі бірқатар науқандар жасады.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінен Өскемен қаласында тұратын тұрмысы төмен 6 отбасыға қыстық көмір, ағаш түсіріліп берілді.
«Біз әлеуметтік аз қамтылған топтардың аймақ бойынша картасын жасап, оларға жәрдем көрсетіп отырмыз. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Қыс мезгілінде отын аса маңызды болғандықтан, осы қайырымдылық шарасын жасадық» деп атап өтті, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Үмбет Досжан.
Көмекке ие болған отбасылар облыстық мешітке алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызыметі
06.12.2017
3995
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру