ҚМДБ Маңғыстау облысында тағы бір Алла үйі бой көтерді. Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр елді мекенінде мешіт ашылды.
Түпқараған ауданына қарасты ауылда 500 орындық мешіт ел иілігіне берілді. Кәсіпкер азаматтардың қолдауымен салынған мешіттің ашылуына Маңғыстау облысының өкіл имамы Самайыл қажы Сейтбеков, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және аудан имамдары, ауыл ақсақалдары мен қатар тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар өкіл имам аталған мешіттің бас имамы қызметіне тағайындалған Оспан Абдырхановты жалпы жұртқа таныстырды. Самайыл қажы Сейтбеков Алла үйінің салынуына атсалысқан азаматтарға алғыс хаттар табыс ете отырып: «Мешіт Алланың жербетіндегі үйі, құлшылық ететін қасиетті орын. Имандылық пен ізгілік жолында Алла разылығы үшін Ақшұқыр ауылындағы мешіттің салынуына қолдау көрсетіп, ел игілігіне жасаған қайырымдылықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін» -деді.
Жұма күні жаңа мешітте жамағат намаз оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
06.12.2017
5069
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру