Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТКЕ ЖАҢА КӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТКЕ ЖАҢА КӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

"Науан Хазірет" мешіті осы өңірдегі аса іргелі рухани орталық саналады. Жыл өткен сайын мешіт білімді мамандармен толыға түсуде. Ал, жақында тағы бір есте қалар оқиға — облыстық мешітке діни насихат үшін арнайы құрылған «Асар» қорының қаржысына сатылып алынған шетелдік маркалы жеңіл көлік салтанатты жағдайда табыс етілді.

Облыс имамы Қуаныш Сәбит осы қуанышты жаңалықпен бөлісіп, Алланың үйіне қамқорлық танытқан адамдарға шынайы ризашылығын жеткізді. Науан хазірет сияқты ұлық тұлғаның есімін иеленген мешіт әрқашан асыл дініміздің насихатталатын киелі ошағы болатынын, бұған барша дін қызметкерлері сүбелі үлес қосатынын атап көрсетті.

Біз де мешіт ұжымын осынау жағымды жаңалықпен құттықтап, сыйға тартылған көлік ел мен діннің мүддесі жолында тек алға қарай зырлай берсін дегіміз келеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру