Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үшқоңыр медресе колледжі  студенттерінің жеңісі

Абзал Амиров, Колледж директоры      www.muftyat.kz 30.11.2017 6526 0 пікір
Үшқоңыр медресе колледжі  студенттерінің жеңісі

29  қараша Талғар агробизнес және менеджмент колледж базасында «Жастардың ғылыми ізденістегі зияткерлік мүмкіндіктері» тақырыбында ҚР Кіші Ғылым Академиясының IV аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Әділқазылардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жетекшілер сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталды.

Үшқоңыр медресе колледжі Исламтану мамандығының студентері  Жұмабекова Жұлдызай Қайратқызы «Араб тілі грамматикасы жеті бөлім» тақырыбымен  (ғылыми жетекшісі Хатыран Л.) - I дәрежелі дипломменТұрлыбаева Таңшолпан Нұрболатқызы «Сөз бен ойдың құдыреті» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Жолдаспаева Н.К.) - II дәрежелі дипломмен, Мырзалина Айша Мұратқызы «Ислам мәдениетіндегі әйел мәртебесі» тақырыбымен  (ғылыми жетекшісі Қадырова Г.А.) - III дәрежелі   Дипломмен,  Жалғас Салтанат  Ғалымқызы  (ғылыми жетекшісі Жунисова Л.Т.) - III дәрежелі дипломмен, Шота Нағима «Умар ибн Абд аль-Азиздің мемлекет басқарудағы ерекшелігі» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Мырзабаева К.Е) - алғыс хатпен,  Мейрамбекова Айжан «Төлеу ақын шығармашылығы» тақырыбымен (ғылыми жетекшісі Омарбекова Ш.Н) - алғыс хатпен марапатталды.

Жұмабекова Жұлдызай Қайратқызы Алматы қаласында өтетін Республикалық конференцияға жолдама алды.     

Қазақстан Республикасы  Кіші  Ғылым академиясының ғылыми-практикалық  конференциясының  жеңімпаздарын  шын жүректен  құттықтаймыз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру