ҚМДБ-ның төрағасы, бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен және Сәтбаев қалалық әкімдігінің ұйытқы болуымен Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының "Насихат және қоғаммен байланыс" бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, исламтанушы-теолог Алтынбек Ұтысханұлы 4 күндік жұмыс сапарымен Сәтбаев қаласына келді.
Көрсетілген сапар күндері өте жемісті де жүйелі жұмыстар жасалып, аймақ жамағаты үлкен ризашылықтарын білдірді. Іс-сапар барысында аймақ имамдарынан сынақ қабылданды. Сонымен қатар, Сәтбаев қалалық Б.Балқыбайұлы атындағы орталық мешіт пен С.Ошақұлы атындағы мешіттерінде, Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы Жезқазған қалалық мешітінде жамағатқа түрлі форматта уағыз-насихат жүргізілді. Әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы, №57 және №44 өртке қарсы бөлімнің ұжымдарымен экстремизм мен дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында кездесулер өтсе, жамағат мүшелерін жекелей қабылдау да жүргізілді.
Сонымен бірге, Сәтбаев қаласындағы мешіттердің жұмысына оң баға беріліп, арнайы келген мамандар дін саласында республикалық деңгейде жасалып жатқан жобалармен танысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.11.2017
3320
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Сәтбаев дін орталығы | 27.11.2017 02:36
Барлық іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан Б.Балқыбайұлы атындағы мешіттің бас имамы Қондыбай қажы Акбаров.