Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушы Ербосын Орын мен мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов Ақжайық өңіріне іссапармен арнайы келіп, Батыс Қазақстан бойынша 43 мешіттің құжаттарын тексеруден өткізді.
Жиынға БҚО қарасты қала мешіттеріңің бас имамдары қатысты.
Алдымен ҚМДБ-ның іс басқарушы Ербосын Бектұрсынұлы мешіт қызметкерлерінің міндеттерін айта отырып, мешіттердің жер телімі мен ғимараттарының құжаттарының талапқа сай болуын жеткізсе, мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Мамытханұлы Ұлы қажылық ғибадатын жетілдіру үшін діни басқарма жанына қажылық компаниясының құрылғандығын. Жалпы, қажылыққа ниет еткен азаматтардың құлшылығын өз деңгейінде атқаруға көмектесу керек екендігін баса айтты.
Мамандар барлық мешіттің құжаттарын жекеше тексеріп, кейбір заңдастырылмаған мешіттердің құжаттарын реттеп, ҚМДБ-ның арнайы Жарғысы мен Ережесіне сай жұмыс істеуге шақырды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
23.11.2017
3668
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру