Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі штаттан тыс молдалар үшін оқыту курсын бастады.
Облысқа қарасты аудандардан, шалғай елдімекендерден келген жиырмаға жуық молдалар бір айға жуық уақыт бойы Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұровтан, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаевтан тікелей ілім алатын болады. «Штаттан тыс молдаларымыз мешіт үйі жоқ ауылдарда жаназа, салт-жоралғылар қызметіне қатысып келеді. Яғни, молдалар үнемі ел ортасында. Сондықтан, мұндай біліктілікті арттыру курстарының жиі ұйымдастырылып отыруының өзі заңдылық» деді орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы курстың ашылу салтанатында.
Курс жұмысы кезінде мүфтияттың басшылығымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы да жан-жақты талқыланып, проблемалық сұрақтарға толыққанды жауап беріледі деп күтілуде.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі.
22.11.2017
3503
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру