Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак: Аруларға арналған Арнау кеші (ФОТО)

Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 21.11.2017 4694 0 пікір
Нұр-Мүбарак: Аруларға арналған Арнау кеші (ФОТО)

Әрбір жоғары оқу орнында университетке жаңа қабылданған шәкірттерді студент қатарына қосылуымен салтанатты түрде құттықтап жатады. Осы дәстүр Халықаралық студенттер күніне орай биыл Нұр-Мүбарак университетінде ерекше аталып өтті. Нақтырақ айтқанда биыл оқуға түскен 400-дей студенттің 88-і  нәзік жандар. Оларға арнап университеттегі қыз-келіншектерге арналған «Қыз Жібек» клубы «Арнау» кешін ұйымдастырды.

"Басты мақсатымыз жоғары оқу орнының табалдырығын енді ғана аттаған студенттермен жоғарғы курс қыздары арасында бауырмашылдық, сүйіспеншілік орнатып, өзіміздің қамқорлық ниетімізді білдіру. Сондықтан осы кешке алтын уақыттарын бөліп, сезімге толы кеш жасауға ат салысқан ұстаздар мен жоғарғы курс студенттеріне алғысым шексіз, Алла разы болсын!"-дейді «Қыз Жібек» клубының жетекшісі студент Қарлығаш Мақсұтбай.

Бауырмалдық, ізгілік туралы өлеңдер оқылды. Жоғары курстың өнерлі өрендері күмбірлетіп күй шертіп, мың бұралған би билеп, әуелетіп ән айтты. Интеллектуалды ойындар ұйымдастырылып, оған шәкірттермен бірге ұстаздар да қатысты. PhD докторы, психолог Әлия Төлегенова ханым ақ босаға аттаған ибалы келіннің міндеті жайлы шағын тренинг ұйымдастырды.

Алматыдай алып шаһарға ауыл-аймақтан имене келіп, университеттің табалдырығын аттаған студент қыз-келіншектер де өздерін құшақ жая қарсы алып, бауырға басып, қолдарына білімнің алтын кілті мен студенттік билет ұстатқан ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын жаудырды. Жас студенттерге кішігірім сый-сяпаттар жасалып барлығы өзара тығыз араласып кетті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру