Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушысы Орын Ербосын Бектұрсынұлы мен мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Мамытханұлы Бекжігітов Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Діни басқарманың бөлім басшысы мен іс басқарушысы имамдарымен кездесуінде мешіттер мен мешіт ғимараттары орналасқан жер телімдерінің құжаттары бүгінгі таңдағы басты назардағы мәселе екенін айтты. Осы бағыттағы жұмыстарды реттеуге байланысты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің арнайы тапсырмасымен мешіттердің құжаттарын реттеу кезек күттірмейтін мәселе екенін ескертті.
Сондай-ақ, Жәнділлә Мамытханұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен жаңадан құрылған «Тауаф» қажылық фирмасы жайлы имамдарға айтып өтті.
Басқосуда өңірдегі мешіт құжаттарының әрқайсысымен таныс болып, тексере келе мамандар құжаттардың дұрыс екендігін айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
20.11.2017
3568
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру