Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 20.11.2017 3306 0 пікір
ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын жергілікті имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар ұйымдастырып келеді.

Биыл да қала және аудан имамдарына арналған семинар өз жалғасын тапты. Семинардың алғашқы күні өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы имамдарға сауатты болудың, сауаттылықты арттырудың маңыздылығы туралы насихат айтты.

3 күнге созылған семинарда имамдар ақида, фикһ, құран сауаттылығы бағытында білімдерін шыңдап, білетіндерін жаңалады. Жергілікті ұстаздар мен дінтанушылар жүргізген семинар қатысушылардың көңілінен шығып, ризашылықтарын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру