Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ЖАНАЗА РӘСІМДЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

www.muslim.kz 19.11.2017 4962 0 пікір
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ЖАНАЗА РӘСІМДЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)

18 қараша республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатына жұма намазынан кейін кезекті уағыз сағаты болып өтті. Бас мешіт ұстаздары Абдраманова Аманкүл мен  Бекет Гүлсара өткізген кездесу барысында жамағатқа мәйітті арулап, кебіндеу үлгісі көрсетілді. Жаназа рәсімдері жайлы мағлұматқа толы өткен тренингте арнайы манекен қойылып, атқарылуға тиісті амал-әрекеттер көрсетіліп отырды.

Айта кетейік, әр жұма сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан уағыз сағаты аясында түрлі кездесулер ұйымдастырылып, осы тектес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мешіт мінберіне басқа да саланың білікті мамандары шақырылып, әйел жамағатының шеберліктерін шыңдау жолында қыруар жұмыс жасалады.

Мешіт ұстаздары семинар аясында ҚМДБ-ның бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы бойынша қажетті мағлұматтармен қамтып, діни білімдерін тереңдете түсті. Семинар соңында әдеттегідей жамағат көкейінде жүрген сауалдарға кезек беріліп, аталмыш тақырыпты тағы да тарқата түсті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру