Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Ақжайық өңірінде

Нұрлан САМАТҰЛЫ 18.11.2017 3522 0 пікір
Наиб мүфти Ақжайық өңірінде

Кеше облыстық орталық мешітте Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Бас мүфтидің орынбасары Ораз Серікбай, Қазақстандық қайырымдылық «Уақып» корпоративтік қорының президенті Қайрат Айтбай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасы басшысы Есмахан Бауыржан арнайы келіп, имам-молдалармен жүздесті.

Кездесуге облыстық, қалалық, аудан, ауыл мешітінің имам-молдалары мен медресе ұстаздары қатысты.

Алдымен БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов сөз алып, облыс көлемінде атқарылып жатқан діни ахуалды баяндап, келген қонақтарды таныстырды.

Астана қаласынан арнайы келген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай Сатыбалдыұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Ақжайықтың имамдарына ыстық сәлемін жеткізіп, «Ислам, білім, көркем мінез» тақырыбында уағыз айтып, көпшіліктің жүрегіне жеткізе білді.

Кейін Қазақстандық қайырымдылық «Уақып» корпоративтік қорының президенті Қайрат Айтбай сөз алып, Елбасы тапсырмасының аясында құрылған «Уақып» қорының жұмысы қайырымдылық қоры ретінде әлеуметтік жобалар мен діни бірлестіктерді қаржыландыруға, соның ішінде діни мамандардың әлеуетін жақсарту, діни кадр дайындау, оларды қайта даярлауға бағытталғанның жеткізіп, ауыл, аудан имамдарына қаржылай қайырымдылықтың берілгендігін баса айтты.

Сол қордан қаржылай қайырымдылық алған имам-молдалар «Уақып» корпоративтік қорының президенті Қайрат Орынбайұлына шексіз алғысын білдіріп, еңбегіне толағай табыс тіледі.

Өкіл имам келген қонақтарға шексіз ризашылығын білдірді.

 

 

 


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру