Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс әкімі мешіт имамын марапаттады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 16.11.2017 3869 0 пікір
Облыс әкімі мешіт имамын марапаттады

Облыста жыл басынан бері екінші мәрте іске қосылған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды. Бірнеше бағыт бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарында жақсы нәтиже көрсеткен топ мүшелері облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының Алғыс хатын иемденді.

Жобаның «Ауқымды түсіндіру жұмысы және діни сұрақтар» бағыты бойынша «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы «Ең нәтижелі қызметкер» болып танылып, алғыс хатпен марапатталды. Теолог маман аудан тұрғындарына радикализмнің зардаптары, жат ағымның алдын алу, діни сауаттылықтың маңыздылығы, мәзһаб ұстану, діни рәсімдердің атқарылу тәртібі, дін қызметкерінің біліктілігін арттыру, т.б, тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Алла мешіт имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының дін саласындағы еңбегіне бере бергей.

Естеріңізге сала кетейік, жоба жұмысы сегіз ауданда жүрді. Нәтижесінде, 364-тен астам іс-шара ұйымдастырылып, 14790-ға жуық адам қамтылды.

20171114 183902

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру