Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ бөлім басшысы іс-сапармен Қостанайға келді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі 16.11.2017 3586 0 пікір
ҚМДБ бөлім басшысы іс-сапармен Қостанайға келді (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Шариғат және пәтуа" бөлімінің басшысы шейх Алсабеков Мухаммад-Хусайн қажы Усманұлы іс-сапармен Қостанайға ат басын тіреді. 

Ол өз сапарының барысында «Қоғамдық келісім үйінде» шешен диаспорасының және Қостанай облысы әкімдігінің дін істер басқармасының өкілдерімен кездесті.

Сонымен қатар Хусайн қажы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінде шешен ұлты өкілдерімен жүздесіп, қазіргі таңда жат ағымнан сақтану, діни сауаттылықты көтеру, діни экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу мәселелері туралы сөз қозғады.

Кездесу барысында көптің көкейдегі сауалдарына жауап беріп, діни сұрақтар туындаса тек ҚМДБ-ның жергілікті өкілдеріне жүгіну керектігін ескертті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру