Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИМАМДАР ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 15.11.2017 5173 0 пікір
ИМАМДАР ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі имамдарының жыл сайын еңбегі еленіп, марапат алудан кенде болған емес.

Биылғы жыл да олар үшін жемісті болды. Облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ұйымдастырған мешіт қызметкерлері арасындағы шығармашылық байқауда бірқатар имамдар жеңіске ие болды.

Сондай-ақ, өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы, қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Керімбеков Нұржан Пірәліұлы және қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Марат Дайрабайұлы облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының алғыс хатымен марапатталды.

«Өңірімізде дінаралық татулық пен рухани келісімді нығайтуға, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын насихаттауға, діни экстремизмге қарсы ақпараттық түсіндіру шараларына белсенді қатысқаныңыз үшін Сізге алғыс білдіремін» делінген алғыс хатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру