Әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында дәрістер тұрақты жүруде. Әсіресе, Құран оқып үйренуге ықылас білдірушілер өте өп. Өткен аптада қалалық орталық мешіттің ұстазы Айнұр Мырзабаеваның алғашқы лек шәкірттері Құранға түсті.
Шара барысында мешіт ұстазы Бақыт Жансүгірова Құран оқып үйренудің артықшылығы, Құран қасиеті туралы уағыз-насихат айтты. Шәкірттер де ұстаздан алған ілімдерін паш етіп, өздері жаттаған хадистерді жатқа айтты. Алла Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар жолдады. Ал шараға шашуымен бірге келген «Досжан хазірет» мешітінің шәкірті Алланың 99 көркем есімдерін айтып, Алланың есімдерін жаттау, ұлық есімдерімен дұға етудің абзалдығы туралы да сөз болды. Шәкірттердің білімі де сынға түсіп, әр түрлі ойындар ойнатылып, ребустар шешілді, сұрақтар қойылды.
Құранға түскен 10 шәкіртке өкіл имамның атынан Құран кітаптары сыйға тарту етіліп, шара соңында барлығы дастархан басында бас қосты. Әжелер бата беріп, шәкірттерге ілім жолында ықыласты болуын, және сау ақыл мен қажыр-қайрат тіледі.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
15.11.2017
3543
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру