«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде білім сайысы өтті. Мешіттің қыздар діни сауат ашу курсының шәкірттері фиқһ сабақтарында «Қажылық» бабы бойынша алған білімдерін таразылап, өзара сынға түсті. «Сафа» және «Маруа» атты екі топқа бөлінген олар кезең бойынша сайысты. Ұстаздар Диляром Бектаева мен Айнұр Мырзабаева шәкірттерді шапшаң әрі дұрыс жауап беруіне қарай бағалап отырды.
Алғашқы кезеңде тәлбияны таласа айтқан шәкірттердің әріптерді қатесіз дыбыстауы, ырғағы ескерілсе, екінші кезеңде берілген әріптерден сөз құрау қажет болды. Бұдан бөлек қажылық бабы бойынша сауалдарға жауап беру, Сафа мен Мəруа төбешігінен сауап жинау, ребус шешу сынды кезеңдерде де білімдері сыналды.
Дәл осы мазмұндағы сайыс қалалық орталық мешітте де өтті. Мешіт ұстазы Бақыт Жүгінісова шәкірттерінің сауаттылығымен қатар ой ұшқырлығын, мәліметті есте сақтау қабілеттерін тексеріп, ойынға төрелік етті.
Екі сайысқа да шәкірттер белсене қатысып, шара соңында барлығы тәкбір тәшрік дұғасын айтты. Жеңімпаздарға өкіл имамның атынан естелік сыйлықтар берілді.














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
13.11.2017
3765
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру