Бүгінде "Нұр-Мүбарак" университетінің студенттері мен шаруашылық жөніндегі қызметкерлері апта сайын сенбіліктер өткізіп, қаланы көріктендіруге барынша ат салысуда. Ал Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбектің «Қоршаусыз қала» бағдарламасына сай алынып тасталған барлық қоршаулар жауапкершілікті екі есе арттырғандай. Сондықтан университеттің ғана емес көшелердің де тазалығына ерекше ден қойған нұр-мүбарактықтар жапырақтар мен сарғайған шөп-шаламдарды тазартып, гүлзарлардың өсінділерін қырқып жаңа маусымға дайындады. Ал соңғы аптада жаңадан ағаш көшеттерін отырғызды.
"Нұр-Мүбарак" университетінің Шаруашылық бөлімінің маманы Талғат Жұбанышев: "Студенттердің көмегі ерекше. Жастық қайрат, ел игілігі үшін қызмет деген түсінікпен университеттен тыс жерлерге де бар ынта ықыластарын салатынын байқаймыз. Олар өздері тазалықтың бағасын сезініп, ағаш отырғызудың ғанибетін түйсіне түскендей," — деп ойын ашық айтты.
Ия, қоршаған ортаның тазалығы сол елді-мекендегі тұрғындардың мәдениетінен хабар береді. Сондықтан "Нұр-Мүбарак" университетінің ұжымы алтын күздің әр сенбісінде осы қағидаларды іспен дәлелдей түскендей.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Нұр-Мүбарак" университетінің баспасөз қызметі
13.11.2017
3487
0 пікір




+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру