"Нұр-Мүбарак" университетінде «Исламтану» және «Дінтану» мамандықтары бойынша магистратурада білім алушылар педагогикалық тәжірибелерін сәтті аяқтады. Тәжірибе талаптары бойынша магистратураның болашақ түлектері дәрістер мен семинарлар өткізіп, сондай-ақ ашық тәрбие сағаттарын да ұйымдастыруы керек.
Мұның барлығы – магистранттар бойындағы білімді шыңдау, педагогикалық қабілеттерін қалыптастырып, шәкірттермен жұмыс істеудің қыр-сырларын меңгеруге баулу. Магистранттар тәжірибелік уақытта куратор-эдвайзерлік қабілеттерін де байқатты. Сондай талаптарға орай исламтанушы магистрант Гүлзат Ақүрпекова «Діни уағыз» пәні бойынша исламтанушы студенттерге дәріс сабақтарын өткізіп, өз тобына «Діни уағызшының сипаты» атты тәрбие сағатын өткізді. Ондағы мақсат: болашақ исламтанушылардың университет қабырғасынан кейін халықпен, жамағатпен етене араласуының жолдарын қарастыру. Себебі, оқу орнында алған дәрістер тек теория жүзінде, не болмаса аудитория табалдырығында қалып қоймай, оны тәжірибеде қолдану ел ішіндегі имандылықтың артуына көп септігін тигізбек. Сондықтан магистрант Гүлзат Ақүрпекова тәрбие сағаты барысында өмірде кездесететін түрлі қойылымдар мен ситуациялық жұмбақтар, тағылымды жыр жолдары мен бейнекөріністер арқылы терең ойларын жеткізді.

Тағылымды шараны тамашалауға университеттің оқу бөлімінің меңгерушісі Әли Әлмұхаметов, кафедра меңгерушісі Нұрлан Анарбаев бастаған ұстаздар қатысып, оң бағасын берді.
-Алып анадан туады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұрпағы иманды да білімді, сауатты болуы үшін әйел ұстаздардың, жамағатының үлесі зор. Осы тұрғыда бүгінгі тәрбие сағатында өте маңызды мәселелер, дініміздің әйел затына, ұрпақ тәрбиесіне қатысты тұстары жақсы қамтылған. Сіздерге зор алғыс білдіреміз, еңбектеріңіз жемісті болсын, - деп сәттілік тіледі.
Әли Рауфұлы да шәкірттердің талпынысын қолдап, бұл жәй ғана университеттің ішкі шарасы емес, ертеңгі бір-бір жамағат, қауымның, ел игілігі үшін өте пайдалы тағылымды дәріс деп жоғары бағасын берді. Ұстаздар шәкірттердің аяқалысына өз пікірлерін білдіріп, білім жолында талмай еңбек етулеріне тілектестік білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Нұр-Мүбарак" университетінің баспасөз қызметі
13.11.2017
4020
0 пікір




+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру