Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Елорда имамдарының жылдық қорытынды жиналысы өтті. Отырыста ҚМДБ тарапынан бекітілген төрт бағыт бойынша атқарылған жұмыстар ортаға салынып, талқыланды. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ел имамдарына төрт бағыт бойынша атап айтсақ, үгіт-насихат жұмыстары мен қайырымдылық шаралары, теріс пиғылды ағымдармен жұмыс жасау және діни сауат ашу курстарын жандандыру жұмыстарын жүйелі жолға қою – республика дін қызметкерлерінің негізгі міндеттері екенін айтты.
Белгіленген бағыттар аясында жыл бойына атқарылған іс-шаралар ауқымын қаламыздың сегіз мешітінің бас имамдары мен «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы өкілдігі мен ҚМДБ қарасты медресе басшылары өкіл имамға баяндап, есеп берді. Бас имам баяндамаларында уағыз-насихат жұмыстарының нақты көрсеткіштері, қайырымдылық шаралары мен жұмсалған қаражат көлемі, сондай-ақ биылғы жылы діни һәм ұлттық, мемлекеттік мерекелерде мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген шаралар жайы да көрініс тапты. Жылдық есепті тыңдаған ҚМДБ наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз мешіт өкілдерінің атқарған жұмыстарына өз ризашылығын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
www.ummet.kz
11.11.2017
3898
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру