9 қараша Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде мұқтаж жандарға дастархан жайылып, қайырымдылық шарасы өткізілді. Демеуші азаматтардың қолдауымен жайылған қайырымдылық дастарханына Астана қаласындағы тұрмысы төмен 300 адам шақырылып, қарашаның қара суығында мешіттегі мейірімділікке жылынып қайтты.
Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы мүшелері мен Астана қаласындағы түрлі қоғамдық ұйым өкілдерінің басын қосқан берекелі дастархан басында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев уағыз айтып, бүгінгі шараның тағылымын арттыра түсті. Адамдар арасындағы мейірімділікті уағыздап, қайырымды қоғам құруға үндеген имам уағызы да бүгінгі шараның мән-маңызын аша түскендей болды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.11.2017
3426
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру