Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей аймағына қарасты мешіттердің құжаттары тексеруден өтті (ФОТО)

Семей "Қос мұнаралы" орталық мешітінің баспасөз қызметі. 10.11.2017 4864 0 пікір
Семей аймағына қарасты мешіттердің құжаттары тексеруден өтті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушы Ербосын Орын және Мешіт істері бөлімнің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов  Семей қаласына іссапармен арнайы келіп, Семей аймағына қарасты барлық 110 мешіт құжаттарын тексеруден өткізді.

Жиынға Семей аймағына қарасты қала, аудан  мешіттердің бас имамдары түгелдей қатысып, өз мешіттерінің құжаттарымен таныстырды. ҚМДБ мамандары мешіт басқарушылық ісінің, мешіт құжаттарының Заңға сай болуын, кіріс–шығыс хаттардың мұқият тігілуін,  барлық іс қағаздарының нормативтік дағдыға сай болуын айтты.

Өңірдегі мешіт құжаттарының әрқайсысын тексере келе мамандар құжаттардың  дұрыс орындалғанын жеткізді. Сонымен қатар, сын ескертпелер айтылып, құжаты заңдастырылмаған мешіттер үшін реттеуге екі ай уақыт берілді. ҚМДБ-ның арнайы Жарғысы мен Ережесіне сай жұмыс істеуге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру