Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қала, аудан имамдарымен жиын өткізді (ФОТО)

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.11.2017 3191 0 пікір
Өкіл имам қала, аудан имамдарымен жиын өткізді (ФОТО)

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  қала, аудан имамдарымен жиналыс өткізді.

Бұл бас қосуда  қала және аудан имамдарының әрқайсысының атқарған жұмыстары, берілген тапсырмалардың орындалуы, алдағы мерзімде атқаратын іс-шаралары туралы нақтылы жүзеге асатын жоспарлары тыңдалып, тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмей жатқан мешіт имамдарына ескертулер жасалды.

Ал, қайырымдылық шаралары мен ақпараттық-насихат жұмысы бойынша атқарылған жұмыстарға жекелей баға берілді.

ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасы бойынша, әр имамға арнайы тапсырмалар мен міндеттемелер жүктелді. Өкіл имам алда атқарылатын бірталай шаруалардың тізімін айта келе қайырымдылық шараларына жиі шығу керектігін, уағыз-насихат жұмыстарын көптеп өткізуді және айлық есепті уақытылы жіберу сынды негізгі міндеттемелерді айтып өтті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру