Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни қызметкерлерге «Уақып» қорынан қаражат бөлінді

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы баспасөз қызметі 08.11.2017 3316 0 пікір
Діни қызметкерлерге «Уақып» қорынан қаражат бөлінді

«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры ауыл мешіттеріндегі молдаларға, ұстаздарға қайырымдылық көмек көрсетуді бастады.

Бұл көмектің орташа мөлшері – 50-60 мың теңге құрайды.

«Осы игі бастаманың аясында әзірге Қостанай облысы бойынша 3 діни қызметкерге қаражат бөлінді. Бұл да болса үлкен көмек және ол діни қызметкерлердің әлеуметтік мәселесін шешуге оң ықпал етеді», – дейді облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы.

Айта кету керек, бүгінгі таңда «Уақып» қоры еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған топтарды және рухани шараларды қаржыландырумен бірге діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды басты назарға алып отыр.

 img02

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру