Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал каласында Республикалық семинар өтті (ФОТО)

07.11.2017 5187 0 пікір
Орал каласында Республикалық семинар өтті (ФОТО)

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Білім» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктермен бірге 2017 жылдың 2-3 қараша аралығында «Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж» МКҚК базасында «Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог мамандарын даярлау мәселелері» атты Республикалық семинар өткізді.

Мақсаты – білім беру бағдарламаларын мазмұнын жаңарту, Қазақстан Республикасының ТжКБ жүйесіне педагог мамандарын даярлау, сонымен қатар педагогикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу сұрақтарын қарастыру болып табылады.

Шараға «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Орал қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оқу-әдістемелік бірлестігі, республикалық педагогикалық, гуманитарлық колледж мамандары, Орал қаласы мектептерінің мамандары қатысты.

Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 23 қыркүйктегі  N 572 Бұйрығымен  оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы болып ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімі Бейсембаев Б.К., Техникалық және кәсіптік білімнің  оқу-әдістемелік бірлестіктерінің  құрамына қосылды.

Семинар жұмысына  ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің маманы  Гулбану Кайдарқызы. Ансабаева мен Павлодар қ. «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры  Серікбол Тлегенұлы Аршабаев қатысты.

ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімі оқу-әдістемелік бірлестігі алғаш рет  «Білім» профилі бойынша республикалық семинар жұмысына қатысты. Г.К. Ансабаева ҚМДБ-ның оқу ағарту саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы берген  мәліметі.

«Исламтану» мамандығы бойынша оқу жоспары мен білім бағдарламалары мәселесі бойынша Павлодар қ. «Әбу Бәкір Сыддық» медресе – колледжінің  директоры С.Т. Аршабаев сөз сөйледі.

Модульдік-құзыреттік тәсіл негізінде  «Исламтану» мамандығының  өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының жұмысының нәтижесі мен Діни білім беру ерекшелігін атап өтті. Серікбол Тлегенұлы «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының авторы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру