Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шуақты күндерің көбейе берсін, жастар!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 06.11.2017 3976 0 пікір
Шуақты күндерің көбейе берсін, жастар!

Бұл өмірде жақсы адамдар өте көп екенін бәріміз де білеміз. Әсіресе  адамдарға үнсіз ғана «Алла ризашылығы үшін!», - деп жақсылық жасап, ол жақсылығы туралы ешкімге ештеме де айтпай, іштей өзіне-өзі марқайып жүретін адамдар қаншама. Қасиетті дініміздің шарты бойынша «біреуге жасаған жақсылығыңды жария ету - рия, оны Алла Тағала сауап ретінде қабыл көрмейді, Ал жасаған жақсылықты   басқаларға үлгі-өнеге ретінде ұсынып жақсылыққа шақыру – ол бөлек әңгіме».

Қалалық колледждердің бірінде оқытушы болып жұмыс істейтін жастар биылғы күз айлары басталысымен әр аптаның жұма күндері облыстық  орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі арқылы мұқтаж жандарға арнап тегін нан үлестіруде.

Апта сайын 300 нанды мұқтаж болған отбасыларға, дін жолында оқып жатқан шәкірттерге, алыс шетелдерден келіп оқып жатқан қазақ студенттерге риясыз шын ниетімен өз қалталырынан қаражат шығарып үлестіріп беріп жүрген Жанат Нұршанов, Бейбарыс Жақсылықов, Айсана Мусанова – есімді  іні-қарындастарымыз:

«Біз бұл шараны алдағы желтоқсан айына дейін үздіксіз жасайтын боламыз. Арықарай жалғастыру жағын  жағдайымызға қарай сол кезде шешерміз. Бұл бастаманы достар өзара ақылдасып шештік. Сонымен қатар біздің бұл бастаманы жалғастырып, бізбен бірге  қайырымдылық шараларына қатысамыз деген жастармен бірлесіп жұмыс атқаруға дайынбыз. Жақсылық - жан шуағы, біздің осылай сауапты істер жасап жүрген күндеріміз өміріміздегі ең шуақты күндеріміз деп сезінеміз!»,-дейді ағынан жарылып.

Осындай шуақты күндерің көп бола берсін, жастар!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру