ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңірдің аудандық, қалалық мешіт имамдарының кезекті айлық жиналысын өткізді.
Мәжіліс Шығыс Қазақтан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті. Басқосуда өткен айлардағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы мақсаттар сараланды.
Жиында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы:«Біз әсіресе кері ағымдар бойынша тың бастамалармен жұмыс жасауымыз қажет. Бұл бүгінгі таңдағы басты міндетіміз. Халықтың діни сауаттылығын ұштап, ҚМДБ басылымдарын тарату, жаңадан басылған кітаптарды шалғай ауылдарға дейін жеткізу біздің негізі бағытымыздың бірі ретінде беліленіп отыр» дей келе, аудан имамдарына өңірдегі барлық мешіттердің ғаламтор арқылы байланысын жақсарту, жедел байланыс орнату, кері ағымдармен жүйелі түрде нәтижелі жұмыс жасау, діни басқарманың басылымдарына жазылу қатарлы бірқатар міндеттер жүктеді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
06.11.2017
3222
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру