ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық «Дінмұхаммед Қонаев» мешітіне жаңа бас имам болып Жақсымбет Нұрислам тағайындалды. Ол бұған дейін Жамбыл облысы Шу ауданы «Төле би» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған болатын.
«Дінмұхаммед Қонаев» мешітінің бас имамы Муратжан Исмаилов Алматы қаласына қызметі ауысуына байланысты бұл жұмысынан босатылды.
Имамдардың қызмет алмасуы қасиетті Жұма күні «Дінмұхаммед Қонаев» мешітінде жамағаттың алдында өтті.
Имамдарды жаңадан қызметке тағайындау туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің бұйрығын Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Мади Мухтанов оқып, жамағатқа жаңа имамды таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Сонымен қатар өз міндетін абыройлы атқарған М.Исмаиловқа өкілдік атынан алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.
Риддер қаласының жамағаттары атынан ақсақақал жаңа тағайындалған бас имамға бата беріп, бұған дейін сәтті қызмет атқарған М.Исмаиловқа ризашылық білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
06.11.2017
4337
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру