Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайық ауданында жаңа мешіт бой көтерді (ФОТО)

Нұрлан Саматұлы 06.11.2017 4148 0 пікір
Ақжайық ауданында жаңа мешіт бой көтерді (ФОТО)

Қасиетті жұмада Ақжайық аудан орталығынан жаңа мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов,  аудандық мешітінің Бас имамы Ерлан Бауыржанұлы, Жалпақтал ауылдық мешітінің Бас имамы Тілек Нұрәлиев, аудан әкімінің орынбасары Тілек Александрұлы, аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Климеденұлы, аудандық, ауылдық мешіттердің имам-молдалары, исі мұсылман жамағаттары  қатысты.

Ақжайық аудандық  мешітінің  Бас имамы Ерлан Бауыржанұлы жаңа ашылған мешітте алғаш рет Құран аяттарын оқып, ата-баба рухына дұға бағыштады. Ал ҚМДБ-ның БҚО бойынша  өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы аудан тұрғындарын Алла үйінің ашылуымен құттықтады. «Мешіт — бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың рухани қайнар көзі. Мешіт — кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей, бастарын бір жерге тоғыстыратын рухани орталық. Өзге елден келген саясаткер де, елшілер де, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де осы мешітке ат басын тірейтін. Халыққа насихат, уағыз айтатын рухани орталық та осы Алланың үйі», — деді өз сөзінде Бас имам Руслан Тыныштықұлы. Сонымен қатар, Бас имам жаңа мешіттің Бас имамы Ерлан Бауыржанұлына қасиетті Құран Кәрімді сыйға тарту етіп, алдағы қызметіне табыстар тіледі.

Жаңа мешіттің бой көтеруіне демеушілік жасағандар Нұрлан Салықов, Қазыбек Қарағойшиев, Марс Батталов, Тілек Байзаболов сын иманды азаматтарға, жергілікті кәсіпкерлерге келген қонақтарға өз ризашылығын білдірді. Шараға соңында  облыс имамы Руслан Тыныштықұлы БАҚ өкілдерінің  қойылған сауалдарына жауап берді.

Одан кейін қасиетті жұмада  өкіл имам жиылған жамағатқа «Көрші ақысы-Тәңір ақысы» жайында уағыз айтты. Жұма намазына қатысып, дұға -тілектер тіледі.

Жайық елінде мешіттер көп  салынып, иманды жандар көп болсын, ағайын!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру