Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАНАЗА ЖӘНЕ ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІ СЕМИНАРЫ (ФОТО)

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 03.11.2017 4001 0 пікір
ЖАНАЗА ЖӘНЕ ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІ СЕМИНАРЫ (ФОТО)

Түрлі діни рәсімдердің шариғат заңдылығы бойынша орындалуы, ысырапшылыққа жол бермеу халық арасында кеңінен насихатталып, бір жолға қойылып келеді.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен өңірімізде қарқынды насихат жұмыстары әлі де жалғасын табуда.

Осы бағытта облысқа қарасты Жаңақорған ауданында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты облыстық семинар өтті.

Семинарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қатысты. Бас имам шара барысында ауыл ақсақалдарына, тұрғындарға жаназа мен жерлеу рәсімдерінде сақталуы тиіс шарттар мен тәртібін түсіндірді. Ысырапшылық пен дәстүрге сай емес жағдайларға жол бермеуге шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру