Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТОП АҚТӨБЕДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 02.11.2017 3600 0 пікір
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТОП АҚТӨБЕДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Өткен аптада облыстық дін істері басқармасы, қалалық ішкі саясат бөлімі және «Жарық» ақпараттық-консультативтік орталығының ұйымдастыруымен өңірге Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері арнайы іссапармен келіп, зайырлылық қағидаттары мен діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі және ҚМДБ жолдауымен келген теологтар Ақтөбе қаласы және Мұғалжар, Темір аудандарының тұрғындарымен кездесті. Атап айтқанда, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Балғабек Мырзаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі Кеңшілік Тышхан және ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.

Қалалық №40 орта мектебі мен медициналық колледж шәкірттері, ұстаздары, мектептің дінтану пәні мұғалімдерінің қатысуымен өткен шараларда тұрғындардың толеранттылық санасын қалыптастыру, діни сауаттылықты көтеру, діни экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу және мектеп формасына қатысты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, жаң зан жобасына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер жайлы айтылды. Мамандар қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, кез-келген түйткілде ортақ бітім, келісімге келе білудің маңызды екендігін ескертті. Дәл осындай мазмұндағы шара Темір аудандық Мәдениет үйінде де өтті.

Дін мамандары облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті және қалалық орталық мешіт, Мұғалжар, Темір аудандық мешіттерінде де жамағатпен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дінді келте түсінудің кесірі мен орта жолды ұстану, тұрақтылық пен келісім сақтаудың маңыздылығы айтылды. Кездесулерде шамамен 3600-ден астам адам қамтылды.

 

WhatsApp Image 2017 10 31 at 10.28.521

 

22709556 130624857595463 8721314768251518976 n

 

22794509 523490994667540 2426638440427683840 n

 

22710162 1933480626902001 5789096726476357632 n

 

WhatsApp Image 2017 11 01 at 17.13.36

 

WhatsApp Image 2017 11 01 at 17.13.33

 

WhatsApp Image 2017 11 01 at 17.13.35

DSC 1444

 

DSC 1446

 

DSC 1447

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 15.50.12

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 15.26.39

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 15.50.10

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 15.50.131

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 15.50.09

 

Снимок

 

WhatsApp Image 2017 09 16 at 17.39.16

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру