ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті молдаларға арналған оқыту семинарын ұйымдастырған болатын.
Діни сауаттылықтарын арттыруға, біліктіліктерін шыңдауға қалаға қарасты мешіт молдалары қатысып, 1 апта бойы құнды ақпараттармен, қажетті мәліметтермен сусындады.
Жалпы, уақыт өткен сайын халықтың мешіт қызметкерлеріне қоятын сауалдарының деңгейі артып, молдаларға деген жауапкершілік жоғарылауда.
Сол себепті халық арасында діни рәсімдерді өткізетін молдалардың сауаттылығын арттырып отыру басты талаптардың бірі.
Аталмыш семинар өз мәресіне жетіп, молдалар өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлының қолынан сертификат алды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
02.11.2017
3806
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру