Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕ: ЖАМАҒАТ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЕТЕЛГЕ БАРУ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕП БЕРДІ

АҚТӨБЕ: ЖАМАҒАТ СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЕТЕЛГЕ БАРУ ШЫҒЫНДАРЫН ӨТЕП БЕРДІ

Жуырда әйгілі «Әл Әзһар» университетіне жаңа оқу жылына қабылдау жүрді. Мысырдан арнайы келген комиссия мүшелері қазақстандық талапкерлерден емтихан алып, білімдерін таразыға алды.

Талапкерлер арасында екі бірдей ақтөбелік сыннан сүрінбей өтіп, діни басқарманың жолдамасымен шетелге оқуға аттанды. Осы орайда, Ақтөбе өкілдігінің ұйытқы болуымен Талғат Аманов пен Асылбек Білмағанбетовтің жол шығындарына көмек көрсетілді. «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті жамағаты 2 студентке 235000 теңге көлемінде қаржы жинап берсе, қалалық орталық мешіті жамағатындағы жомарт кәсіпкер Талғатқа тағы да 100 000 теңге көлемінде жәрдемін ұсынды.

Алла барша атсалысқан азаматтардың садақаларын қабыл қылғай! Ілім ізденген жерлестеріміздің сапарын сәтті қылып, елге оралып қызмет етуін нәсіп еткей!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру