Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАЙҒАНИН: ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР

Ақтөбе «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 01.11.2017 3797 0 пікір
БАЙҒАНИН: ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР

25-28 қазан аралығында діни мәселелер жөніндегі мобильді топ Байғанин ауданында, атап айтқанда аудан орталығы Қарауылкелді ауылында, Қораши, Қарабұлақ секілді бірқатар елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Топ жұмысына теологтар А.Садиев, Н.Смағұлов, А.Романқұлов, Р.Тастанбек, т.б. тартылды.

Білім беру ұйымдарында, мектеп, колледж ұстаздары мен шәкірттерінің қатысуымен кездесулер өткізілді. Соның ішінде, Қарауылкеді, Қораши, Қарабұлақ орта мектептері, орталық музыка мектебі мен Байғанин техникалық колледжінде «Жастарды жат діни идеологиядан сақтайық!», «Діни радикалдың қоғамға көзқарасы», «Дін және жастар» тақырыптары талқыланып, мемлекеттің дін саласындағы саясаты, тұжырымдама мен заң жобасы түсіндірілді.

Деструктивті діни ағым және діни экстремизм мен терроризмді алдын алуға бағытталған «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы әзірлеген бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық бүктемелер таратылды. Одан бөлек дін қызметкерлеріне арналған семинарлар ұйымдастырылып, діни маманның біліктілігін арттыру мәселесі сөз болды. Жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру қажеттілігі талқыланды. 

Аудан мешіттеріне мониторинг жүргізіліп, теолог Амантай Садиев мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты. Қысқа дайындық, кітап қоры, күрделі жөндеу жұмыстарына қажеттілік бар-жоғын, т.б. тексеріп, жамағатпен тілдесті. А.Садиев, Н.Смағұловтар мешіттерде «Әйел – Алланың аманаты», «Усулул хадистерді қалай түсінеміз?» тақырыптарында уағыз-насихаттар айтылды.

Сонымен қатар, аудандық ішкі істер бөлімі, басқа да мемлекеттік мекеме, кәсіпорындарда қызметкерлерге семинар, дәрістер жүргізілді.  

3 күннің қорытындысы бойынша ауданында 1300-ден астам адамның қамтылуымен 40-қа жуық іс-шара ұйымдастырылды. 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 11.52.56

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 11.53.00

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 11.18.12

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 11.18.11

 

WhatsApp Image 2017 10 27 at 10.58.31

 

WhatsApp Image 2017 10 27 at 10.58.26

 

WhatsApp Image 2017 10 26 at 21.24.31

 

WhatsApp Image 2017 10 27 at 14.14.36

 

WhatsApp Image 2017 10 28 at 15.53.33

 

WhatsApp Image 2017 10 28 at 15.53.34

 

 

WhatsApp Image 2017 10 27 at 12.21.10

 

WhatsApp Image 2017 10 27 at 12.20.51

 

WhatsApp Image 2017 10 27 at 12.21.01

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру