Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналының жаңа саны

31.10.2017 4292 0 пікір
«Иман» журналының жаңа саны

Басылымның қараша (№11) айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Отанды сүю иманнан» айдарымен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» деген мақаласымен ашылған. «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Мәуліт – мүбәрәк мереке», «Қысқа да нұсқа» айдарымен «Ғұламалар  мәуліт  туралы», «Пәтуә» айдарымен «Мәйітті жуындыру», «Дін мен дәстүр» айдарымен «Қырқынан шығару», «Зерде» айдарымен ««Рахман» сүресі»,  «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың ««Тәкуир»  сүресі», «Хадис түсіндірмесі» айдарымен «Жастар және қажылық», «Балаларға базарлық» айдарымен «Құрайыштардың мазасыздануы», «Данадан үйрен» айдарымен «Ұстаз бен шәкірт», «Сахих хадистер» айдарымен «Пенденің күнәсі неден?», «Уағыз» айдарымен «Сараңдық пен көре алмаушылық», «Ағымдар ақиқаты» айдарымен ««Сәләфия» сөзінің бұрмалануы», «Абайла да сақтан» айдарымен «Лаңкес қайдан  шығады?», «Тағылым» айдарымен «Тағдыр мәселесі», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Адам – жұмбақ жаратылыс», «Насихат» айдарымен «Сүннетті  ұстанудың  қажеттігі», «Білгенге маржан» айдарымен «Марқұмға Құран бағыштау», «Ғибадат» айдарымен «Намаз рүкіндері», «Парыз» айдарымен «Зекет», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Күйеуімнің басқа қыздармен жасырын сөйлескені дұрыс па?» деген материалдар жарық көрді.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Мәселенің мәнісі» айдарымен «Туыстық неке», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Ұлағат» айдарымен «Аяз би», «Тарихи таным» айдарымен «Тоғым хан», «Хикаят» айдарымен «Жоқ» деуге дәрменсіз», «Шипа Алладан» айдарымен «Шала туған нәрестелер...» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2018 жылға жазылу жүріп жатқанын қалың оқырманның қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 17 жыл бойы жазылу бағасы бір деңгейде сақталып келді. Енді біршама қымбаттатуға мәжбүрміз. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесі немесе жергілікті мешіт арқылы жазылсаңыз, келесі жылдан осы басылымның әр саны қолыңызға тиетін болады.

Мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 3000 теңге. Журналдың пошталық тасымал шығынын әдеттегідей басылым редакциясы өз міндетіне алады. Басылымға жазылудағы оқырман ескеретін бір ерекшелік бұған дейінгідей үш айға не жарты жылға жазылу қабылданбайды. Тұтас бір жылға жазылу қажет. Алматы тұрғындарының басылым редакциясына келіп жазылуына  болады.

Оқырмандар «Иман» журналына жазылу бағасын «Қазпошта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен біліп, жазыла алады.

Құрметті оқырман, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болсаңыз, сауап аласыз.

Оқырманның есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық діни іс-шаралар өткізушілер онда "Иман" журналының алдағы кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-ына дейін редакцияға телефонмен хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С   KZ 288560000005684077

АО    «Банк Центр Кредит»

БИК  KCJBKZKX

KBE  17 

РНН  600900658515

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Басылым редакциясына мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (727) 397 63 84, 397 63 91,  +7 778 948 74 10

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру