Бүгін Атырауда имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған семинар болып өтті. Орталық «Иманғали» мешіті мен Атырау облысы Дін істері басқармасына қарасты Ақпараттық талдау орталығы мекемесі бірлескен шараға қала, сонымен бірге, барлық аудан, ауыл, елдімекендерден жиналған имамдар, молдалар қатысуда.
Мүфтиятқа қарасты Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Пәтуа бөлімінің орынбасары Сансызбай Құрманұлы «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары мен бағыт-бағдары» тақырыбында баяндама жасады.
Түркиядан келген Хусейн Кайя ұстаз да ислам дінінің канондары туралы терең лекция оқып, дін қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Тағылымды шарада Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров мешіттердің жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдарымен бөлісті.
Мешіт қызметкерлеріне арналған облыстық біліктілікті арттыру курсы соңында имамдар Атырауға арнайы жұмыс сапарымен келген Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.
31.10.2017
4617
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру