Бүгін өкіл имам Төлеби Оспан «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын ақтөбелік студенттермен кездесті.
Студенттермен оқу барысы, білім ізденудің артықшылығы, жастардың қоғамдық жұмыстарға араласымы туралы пікір алмасып, биылғы бітіруші түлектердің қызметке тарту мәселесін де тілге тиек етті. Жастарды туған жеріне келіп қызмет етуге, білікті мамандардан тәжірибе алмасуға шақырды.
Өз кезегінде өкілдік ақтөбелік студенттерге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Өкілдіктің ұсынысымен жуырда тағы бір осындай мәселе оңды шешімін тапты. Ақылы бөлімде оқитын бес студенттің оқу ақысы енді «Уақып» қоры» арқылы өтелетін болды.
Бір дастархан басында осы және өзге де тақырыптарда жастармен пікір алмасқан өкіл имам оларға оқуға зейін оқып, жан-жақты ізденуге, шақырды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
31.10.2017
3183
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру