Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұрлан Ермекбаев: «ASAR» форумы жыл сайын республика өңірлерінде өткізілетін болады (ФОТО)

kazislam.kz 30.10.2017 3609 0 пікір
Нұрлан Ермекбаев: «ASAR» форумы жыл сайын республика өңірлерінде өткізілетін болады (ФОТО)

«ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастық форумы жыл сайын республиканың түрлі өңірлерінде өткізіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Атырау қаласындағы форум барысында мәлімдеді.

«ҮЕҰ-бизнес-мемлекет: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде министр Н.Ермекбаев «ASAR» форумы«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өткізіліп отырғанын еске салды.

«Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» - деген ойды айта отырып, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Осыған орай, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруда. Бүгінгі іс-шара осы бағдарлама негізінде ұйымдастырылды» деді министр.

Сонымен қатар, министр Н.Байұзақұлы «ASAR» диалогтық алаңын өткізу мемлекет, ҮЕҰ мен бизнестің үшжақты ынтымақтастығын дамыту бойынша жүйелі жұмысты құруға мүмкіндік беретінін жеткізді. Алаң тұрақты серіктестіктің іргетасын қалап, әлеуметтік мәселелерді шешуге азаматтық қоғамды белсендірудің серпілісін күшейтеді.

«Үшжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша жаңа идеяларды, инновацияларды түрлендіру үшін «ASAR» форумы еліміздің әр түрлі өңірлерінде жыл сайын өткізілетін болады» деп атап кетті Нұрлан Ермекбаев.

Еске сала кетейік, Атырауда «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты ынтымақтастық Бірінші Республикалық форумы өтуде. Іс-шараны ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Атырау облысының әкімдігі бірлесе ұйымдастырып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру