Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі дінтанушы Алау Әділбаев Атырауға жұмыс сапарымен келді

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі. 30.10.2017 3932 0 пікір
Белгілі дінтанушы Алау Әділбаев Атырауға жұмыс сапарымен келді

Кеше Атырауға еліміздегі ең ірі діни оқу орны - Нұр-Мүбәрак египет-ислам университетінің белгілі ұстазы, дінтанушы, PhD доктор Алау Әділбаев келді.

Жұмыс сапары барысында ұстаз Жылыой аудандық мешітінде болып, жамағат арасында бірлік, ізгілік, қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың маңызы туралы уағыз айтты. Әсерлі әңгімеден кейін, жамағаттың барлығы өкіл имам Батыржан Мансұровқа ұйып, жұма намазын оқыды.

Атырауға сапарының екінші күнінде дінтанушы Алау Әділбаев облыс орталығындағы «Иманғали» мешітінің жамағатымен жүздесті. Әбу Ханифа мәзһабының ислам әлеміндегі ролі, маңызы туралы сұхбат құрған ғылым докторы жамағат тарапынан келіп түскен бірқатар сауалдарға жауап берді.

Мешіттегі тағылымды кездесуден соң, дінтанушы Алау Әділбаев «Қазпочта» компаниясының Атырау облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен басталған көшет отырғызу акциясына қатысты. Осылайша, қаланы көркейтуге өз үлесін қосқан ғылым докторы Алау Әділбаев жұртшылықты табиғатты қорғауға үндеді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру