Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Шымкентте «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» атты имамдар семинарына қатысты

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 30.10.2017 3304 0 пікір

Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келді.

Ресми іс сапар барысында ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы, өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек т.б. азаматтармен бірге жуырда ғана қайта жаңарып, күрделі жөндеуден өткен Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.   

Кездесу барысында Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдаулет Абдурахманов Шымкент қаласына қарасты мешіттердің төрт бағыт бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы толық баяндап, түсіндірді.

Осыдан кейін, наиб мүфти мешіт қызметкерлерінің заман талабына сай болуы үшін ұйымдастырылған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тақырыбындағы имамдар  семинарына қатысты.

Арнайы іс-шараны өкіл имамы Ахметжан Пірәліұлы жүргізіп отырды. Семинар барысында ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен үстіміздегі жылы өткен Астана қаласы ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы жөнінде және «Ханафи мәзһабы мен Матуруди сенімі мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы тақырыбында кеңінен түсіндіріп, шеберлік дәріс оқыды. Дәріс барысында имамдарымыз өздеріне қажетті көптеген мәселелерге қанық болды.

Жалпы,  іс сапар қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы бірқатар атқарылған оңды істерге өзінің жоғары бағасын беріп,  бекітлген жұмыс жоспары аясында алда атқарылатын бірқатар тапсырмалар берді.

Шара соңында қатысушыға мерекелік дастархан жайылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру