Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: "Құран менің жүрегім" атты сайыс өтті

МАҢҒЫСТАУ: "Құран менің жүрегім" атты сайыс өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанындағы сауат ашу курсында білім алып жүрген қыз-келіншектер арасында Құран сайысы болып өтті.

Мешіт шәкірттері қасиетті Құран Кәрімді оқудан сынға түскен болатын. Әйелдер ұстазы Айрерім Ерланқызының ұйымдастыруымен өткен шарада шәкірттер белсенділік танытып, дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Барлық сұрақтарға мүдірмей жауап берген шәкірттерден бірінші орынды Жанабаева Тұрғанай, екінші орынды Даулетова Диана, үшінші орынды Тұрғынбаева Эльмира иемденді.

Жүлделі орындардан көрінген қатысушылар арнайы марапатталып, қатысушылардың барлығына сыйлықтар үлестірілді. Өз білімдерін сынауда сынға түскен шәкірттер дән риза болып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Хадисте «Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді» - деген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру